ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 118 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛДІ

0 8

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның кез келген көріністерінен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жыл басынан бері 118 қылмыстық іс тергелді. Бірінші тоқсанда, айыптау актісімен 15 тұлғаға қатысты 11 қылмыстық іс аяқталды. Осы негіздермен 22 қылмыстық іс тоқтатылды. Қылмыстық істер шеңберінде анықталған залал сомасы 389 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар, 19,5 млн.теңгеге тыйым салынды. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменті басшысының орынбасары Камал Қабылбеков айтты — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ол үш буынды модель бойынша алғашқы тоқсанда негізгі 90 процестік шешім қабылданғанын мәлімдеді.Сонымен қатар, қылмыстық істер аясында мемлекеттік органдарға 17 ұсыну енгізілген.

«Оларды қарау нәтижесінде 5 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ең бастысы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылуына жол берілген жоқ. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған 2 адамның өтініші қаралып, комиссия шешімімен, оларға 367 мың теңгеге ақшалай марапат берілді. Яғни, жемқорлыққа тап болған кез келген агенттіктің Колл-орталығына, яғни 1424 байланыс телефонына хабарлауына болады», — деді спикер.

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның кез келген көріністерінен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жыл басынан бері 118 қылмыстық іс тергелді. Бірінші тоқсанда, айыптау актісімен 15 тұлғаға қатысты 11 қылмыстық іс аяқталды. Осы негіздермен 22 қылмыстық іс тоқтатылды. Қылмыстық істер шеңберінде анықталған залал сомасы 389 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар, 19,5 млн.теңгеге тыйым салынды.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменті басшысының орынбасары Камал Қабылбеков айтты. Ол үш буынды модель бойынша алғашқы тоқсанда негізгі 90 процестік шешім қабылданғанын мәлімдеді.Сонымен қатар, қылмыстық істер аясында мемлекеттік органдарға 17 ұсыну енгізілген.

«Оларды қарау нәтижесінде 5 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ең бастысы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылуына жол берілген жоқ. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған 2 адамның өтініші қаралып, комиссия шешімімен, оларға 367 мың теңгеге ақшалай марапат берілді. Яғни, жемқорлыққа тап болған кез келген агенттіктің Колл-орталығына, яғни 1424 байланыс телефонына хабарлауына болады», — деді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.