Сарысу ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда

0 6

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына өткен жылғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында халыққа неғұрлым қолжетімді алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастырудың тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Осы орайда, Сарысу ауданында денсаулық сақтау саласында ауқымды мәселелердің барлығы шешімін тапқан. Бұл туралы аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев баспасөз мәслихатында айтып берді,- — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

-«Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл қазына. Қазір ауданымызда 26 медициналық ұйым бар. Ғимараттар жағдайы жақсы. Жөндеуді қажет етпейді. Салада 740 медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Алғашқы санитарлық көмек көрсету мәселесі толығымен шешімін тапқан,-деді аудан әкімі.
Тек медицина саласы ғана емес әлеуметтің әлеуетін көтеру үшін өзге де салаларда ауқымды жұмыс атқарылған. Мәселен, спорт саласында 212 спорт нысаны ел игілігіне қызмет етуде. Оның ішінде 5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 20 спорт түрінен 2 779 жасөспірім тұрақты спорт үйірмелеріне қатысады. Есепті мерзімде аудан спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда барлығы 130 медальға ие болды. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны — 15 868 адамды құрайды. Сонымен қатар, спорт алаңшаларын, тренажерлар мен балалар ойын алаңшаларын орнату үшін бюджеттен 133 млн теңге бөлініп, 19 жоба іске асуда.

Сол сияқты, мәдениет те ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, парасат пайымы. Биыл 1179 мәдени іс-шара жоспарланып, 4 айда 523 іс-шара ұйымдастырылды . Олардың басым бөлігі «Балалар жылына», даталы және мерекелік күндерге, ұйымдастырылған жобаларға арналған. Күні кеше ғана аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 110 жылдығы Республикалық деңгейде аталып өтті. Шара барысында орта мектепке Қонаев есімі беріліп, қонаевтанушылармен форум өтіп, театрландырылған көрініс, спорттық ойындар, концерттік бағдарламаға ұласты», — деді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.