Жамбыл облысындағы Қарабөгет ауылында көлік жүретін көпір опырып қалды. Желіде апаттық жағдайда тұрған нысанның видеосы тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Бұл көпір келесі жылы жөнделеді. Қаражат бөлінгеннен кейін барлық жұмыс жасалады. Ауылдың кіреберіс жолы бар, оны да жөндейміз. Уақытша айналма жол болады. Соның қаражатын шұғыл қарап жатырмыз. Екі күнде бастаймыз», — деп атап көрсетті Исақов.