Өткен жылы жамбылдық спортшылар 1914 медаль жеңіп алды

0 9

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлді. Жамбыл облысында дене шынықтыру мен спортты, әсіресе, бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалған. Өткен жылы өңір спортшылары түрлі деңгейдегі жарытсардан 1914 медаль жеңіп алған,  — деп жазады «ZhambylNews» АА.

бүгінгі таңда облыста 67 спорт мекемесі жұмыс атқаруда, оның ішінде 51 спорт мекемесі басқармаға, қалған 16 спорт мекемесі аудан әкімдіктеріне қарасты.
Аталған спорт мекемелерінде 29 219 спортшымен тұрақты түрде 1 045 оқытушы – жаттықтырушы жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда облыста спорттың 72 түрі қамтылған.
Өткен жылы 629 спортшы түрлі дейгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болған. Оның ішінде, 265 спортшы Ұлттық құрама, 239 спортшы жастар құрамасы және 125 спортшы жасөспірімдер құрамасы сапында ел абыройын халықаралық спорт бәсекелерінде асқақтатып келеді.
2021 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 405,6 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 35,4 пайызына жетсе, ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша 417,3 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 36,3 пайызын құраған. 2025 жылға дейін аталған көрсеткішті 50 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Бүгінде бұқаралық спорт жұмыстарына тың серпін беру мақсатында қолға алынған облыс тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту үшін облыста былтыр қосымша 96 спорт бойынша нұсқаушы штаттық бірліктері енгізіліп, олардың қатары 233-ке жетті. Оның ішінде 202 спорт нұсқаушысы аудандарда жұмыс атқарады.
Өткен жылы облыс спортшылары түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда 1914 медаль жеңіп алса, оның 741-і алтын, биылғы жыл басынан бері 608 медальға қол жеткізсе, оның — 243-і алтын жүлде.
Айта кету керек, өткен жыл спортсүйер қауымы үшін ерекше болды, өйткені Токиода XXXII Жазғы Олимпиада ойындары мен XVI Паралимпиада ойындары өтті. Негізгі әлемдік спорт жарыстарына тоғыз жамбылдық спортшы қатысты. Олардың ішінен Елдос Сметов Олимпиаданың қола жүлдегері атанса, паралимпиадалық жүзуден Жұмағали Нұрдәулет жеңіс тұғырынан көрінді. Ал мамыр айында Бразилияда өткен XXIV Жазғы Сурдлимпиада ойындарында облысымыздан спорттың алты түрінен 13 спортшы бақ сынап, үш күміс, сегіз қола медаль жеңіп алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.