Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай үстел теннисінен аудандық жарыс ұйымдастырылды

0 44

Жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай үстел теннисінен аудандық жарыс ұйымдастырылды Жарысқа ауылдық округтерден келген 16 спортшы қатысты,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Алдымен жарыстың ашылу салтанаты өтіп, онда аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов, аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Жандос Баетов сөз алып, жарыстың маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәтттілік тіледі.

Спортшылар 4 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Әр топта жеңімпаз атанған спортшылар жартылай финалды сарапқа салды. Жарыс өте қызықты әрі тартысты болып, әр ойыншы өзінің шеберлігін танытып, спортқа деген қызығушылығын көрсете білді.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Қарасаз ауылдық округінен келген Алғабек Тоқболатов жеңіп алды. Екінші орынды Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны Мухамед Иргибаев алса, жүлделі үшінші орынды Жетітөбе ауылдық округінің тұрғыны Арман Ажибаев және Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны Оралбек Толықбаев өзара бөлісті.

Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен медальдар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.