Мойынқұм ауданында «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» жобасы аясында актив жиын өтті

0 19

Мойынқұм ауданына  «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» жобасы аясында құрылған жұмыс тобы келіп, актив жиының өткізді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Сәбит Төлегенов жүргізіп, облыс орталығынан келген меймандарды таныстырып, сөз кезегін беріп отырды.

Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен осыдан екі жыл бұрын бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы бүгінде жалғасын тауып, Жамбыл облысы әкімінің жуырдағы өкімімен бекітілген арнайы 3 жұмыс тобы Мойынқұм ауданына келді.

Топ құрамында құқық қорғау, денсаулық сақтау, дін, білім, бизнес, банк, құрылыс және т.б. сала өкілдері бар.

Аталған топ 2 күн (8-9 қыркүйек күндері) өңіріміздің тұрғындарымен, түрлі ұжымдармен кездесіп, азаматтарды қабылдау барысында шағымдарына құлақ түрмек.

Жұмыс топтарын басқарып келген 3 топ жетекшілері

І ТОП.
«ЭТНОСАРАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы — Ырысдәулет Құдайберген Жамбылұлы.

ІІ ТОП.
ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРМЫСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Келесов Еркін Егембердіұлы.

ІІІ ТОП.
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫ

Әр топ жетекшілері топтың мақсаты мен міндеттерін таныстырып, сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.