«Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында Байзақ ауданы Жақаш ауылындағы жол бойындағы егіс алқабында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Байзақ АПБ ЖПҚб және КПб қызметкерлерімен бірлесіп, 33 және 34 жастағы жергілікті екі тұрғынды ұстады.
Полицейлер ер адамдарды есірткі қолданып отырған жерінен ұстады. Аумақты тексеру кезінде салмағы 17 келі 478 грамм «кептірілген марихуана» және 145 гр 26 мгр «гашиш» заттары табылды.
— Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді,-деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.