Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза қарияларға құттықтау арнады

0 36
Ардақты ардагерлер!
Қадірлі аға буын өкілдері!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Өйткені, ғұмыры ғибратқа толы ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан зейнет жасындағы ардагерлер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дұрыс дамуына зор үлес қосуда. Сол себепті Сіздерге үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін.
Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!
Leave A Reply

Your email address will not be published.