Әскерге шақыру «sms» арқылы жүргізіледі

0 16

Енді отан алдынға борышын өттеуге міндетті әрбір қазақстандыққа шақырту қағазы жекелей берілмейді. Биылдан бастап ұялы байланыс операторлары жіберетін электронды «SMS хабарламалар» арқалы жүргізіледі. Егерде азаматтар әскери борышын өтеуден жалтарса, 3 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.
Әскери борышын өтеуден бас тартқан жағдайда бұдан бөлек әкімшілік жауапкершілікте қарастырылған. Ондай кезде арнайы түзеу жұмыстарына не боламаса, төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу шаралары қолға алынған.
Әскерге шақырлатын азаматтардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар өзгерген жоқ. Әскери қызметке дені сау, әскерге жарамды шақырушылар шақырылады, сонымен бірге шағын шектеулері бар шақырушыларды шақыру рұқсат етілген. Әскерге шақырушылардың әрқайсысының денсаулық жағдайы зертханалық, клиникалық және басқа зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, жеке бағалау әдісімен қарастырылады,-деді Жамбыл облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы Хасен Қарабев.
Отан алдынғы борыншы кейінге қалдырғысы келетіндергеде жеңілдік бар. Ол үшін, арнайы мерзімді әскери борышын кейінге шегеру жөнінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш жолдайды. Сонан соң, онда мәселеңіз пысықталып толық шешімі шығады.
Жастарды әскерге шақыру және жіберу бұрынғыдай жылына 2 рет, көктемде наурыздан маусымға дейін, күзде қыркүйектен желтоқсанға айына дейін жүзеге асырылады. Қазірге таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне әскери қызметке шақыру науқаны жүріп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.