Жамбыл облысында өрт оқиғалары ұлғайды

0 4

Ағымдағы жылдың 11 қазанында сағат 12.58-де Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» қызметіне Байзақ ауданы, Үлгілі ауылындағы тұрғынүйдің өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 3 өрт сөндіру автокөлігі мен 10 адам жеке құрам шығып, аталған өртті 1 сағатта жойды. Өрттің ауданы 150 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан үйдің шатыры жойылды және терезе балкілері зақымдалды.
Дәл осы күні сағат 13.30-да Шу ауданы, Мойынқұм ауылындағы тұрғынүйдің бірінде қора-жай өртенген. Өрттің ауданы 100 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 7 адам жеке құрам шығып, аталған өртті 1 сағаттан астам уақытта жойды. Өкінішке орай, өрт салдарынан қора-жай және қора ішінде 5 қой, 2т шөп жойылды.
Сағат 15.31-де Байзақ ауданы, Жетібай және Мадимар ауылдарының маңында 1984 жылы шыққан жүк автокөлігі өртке оранды. Оқиға орнына 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 5 адам жеке құрам шығып, өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Өрт салдарынан жүк автокөлігі және үстінде тиелген 8 м.куб ағаш жойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.