Әділеттілік- сот мамандарының бірінші ұстанымы

0 38

Елімізде соттардың жұмысы маңызға ие. Ақ пен қараны ажыратып, өзге адамның тағдырына төрелік ету – көп адамның қолынан келе бермейтін іс. Себебі, судья лауазымына кандидаттар Жоғарғы Сот Кеңесіне біліктілік емтиханын тапсырып, психологиялық тест, кейстік тапсырмалар шешіп, эссе жазып, әңгімелесу нәтижесімен ғана таңдалады. Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын аяқтауыңыз қажет. Осындай маңызды салада еңбек етіп келе жатқандардың бірі Жуалы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Самат Ералиев,-деп жазады

Самат Ералиевтің негізгі міндеті – істерді, материалдарды, арыздарды, шағымдарды автоматты түрде бөлу жұмыстарын ұйымдастырады; қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, материалдар, азаматтардың өтініштері және т.б. бойынша ақпараттық есептік құжаттардың жүргізілуін, мемлекеттік статистикалық есептердің дұрыс және уақтылы жасалуына бақылауды жүзеге асырады, аудандық соттың кеңсе қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін әзірлейді және бөледі.
-Болашақта Судья болғым келеді деушілерге кеңес: Біріншіден, заңды көп оқыңыздар, заңдарды білген өздеріңізге жақсы. Екіншіден, табанды болыңыздар. Сонда ғана сот боламын деген арманыңызға жете аласыз. Себебі, сотқа қойылатын талаптар өте көп. Сіз өзге адамның тағдырына төрелік етесіз. Жазықсыз адамдар әділетсіздікке ұшырамас үшін әділ шешім шығаруыңыз қажет. Әрі арыңыз да таза болады , – дейді кеңсе меңгерушісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: “Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым”, – деп, қаңтар оқиғасы бойынша жеңіл қылмыс істегендерге “рақымшылық” жасайтынын, бірақ “ұйымдастырушы” ретінде айыпталғандарға қатаң жаза қолданылатынын айтты.
-Бұл – дұрыс шешім. Себебі, қаңтар оқиғасына білместікпен, арандатушыларға еріп шығып кеткендер де бар. Оларға кешіріммен қарауымыз қажет. Ал, ұйымдастырушылар лайықты жазасын алуы қажет, – дейді ол.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Қажыманұлы Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым міндетті саралап, 2018 жылы «Сот жүйесінің жеті түйіні» деп аталатын негізгі жеті басымдықты айқындап берді. Аталған басымдықтың жетінші түйіні болып «Сотқа дейінгі татуласу орталығы» бағдарламасы қамтылды. «Сотқа дейінгі татуласу орталығының» басты мақсаты – араздасқан екі жақты мәмілеге әкелу, ортақ бітімге келтіру.
-Татуластыру орталықтарында медиаторлардың көмегімен шешілген даулар сотқа жетпей екі тарап бітімгершілікке келеді. Бітімгершілікке келу үшін барлық жағдай жасалған, біріншіден дауласқан жақтар Билерге жолығады, Билер болса екі тарапқа дауды сотсыз шешудің оңтайлы жолын тауып береді. Мысалы, біреудің мүлкін ұрласа немесе біреудің денсаулығына зиян келтірсе, егер ол қылмыстық істер онша ауыр емес, орташа ауырлыққа жататын болса, онда аталған қылмыстық істі сотқа дейін АІІБ-де Билердің қатысуымен шешуге толық мүмкіншілік бар. Билер кеңесінің арқасында 2022 жылы 9 айдың қорытынды есебімен 80 азаматтық іс бойынша даулар, 6 қылмыстық іс бойынша дау, 32 азаматтық іс бойынша дау және 9 әкімшілік іс бойынша даулар тоқтатылған. Сондықтан да, ауданда билердің абыройы жоғарылауда.
Аудан тұрғындары тарапынан дауларды билердің көмегімен сотқа дейін жеткізбей тоқтатуы күннен- күнге өріс алуда. Даулардың ішінде көбінесе жер дауы, қарызды өндіру, отбасы-тұрмыстық даулар, неке бұзу даулары, материалдық шығынды өндіру т.б. тоқтатылып, екі тарап татуласып бір-біріне деген талаптарынан бас тартуда, – дейді кеңсе басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.