8 қазан күні Т.Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар және №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция бөлімі , Т.Рысқұлов ауданы жастары ресурстық орталығының еріктілері , « КазТранс газ аймақ » АҚ Т.Рысқұлов ауданыны филиалының өкілдері , аудандық электр желілерінің тарату мекемесі қызметкерлері мен бірлесіп тұрғын үйлердегі өрттердін алдын алу мақсатында және жылыту пештері мен тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау , сонымен қатар,балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға бейімдеу мақсатында , Т.Рысқұлов ауданына Құмарық ауылдық округтерінде өрт қауіпсіздік сенбілігі ұйымдастырылып 190 тұрғын үй араланып , 534 тұрғынға нұсқаулықтар жүргізілді. Үгіт насихат жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындардың назарына, қысқы мал азығын шөпті сақтау кезіндегі, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, тұрғын үй — жайларда жылу беру пештері мен газ баллон қондырғыларын орнату және ұстауы кезіндегі талаптарды сақтау ережелері түсіндіріліп ,қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тұрғындарға түрлі тақырыптағы жаднамалар таратылды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.