Жазасын өтеушілердің спортқа деген қызығушылығы артуда

0 40

Жамбыл облысы ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша бөлімі мен Жамбыл облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлерімен бекітілген мәдени- спорттық іс шаралар жоспарына сәйкес мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға кіші футболдан жарыс өтті.

Бас бостандығынан айырылған жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу – бүгінгі күннің басты талабы. Оның ішінде, бірнеше қылмыс жасаған және ауыр қылмысты қайта жасаған адамдарды түзелу жолына салу біраз күш-жігерді қажет ететін жауапты әрі қиын жұмыс. Жаза мерзімін өтеуші азаматтардың дене тәрбиесімен айналысуы, ой-өрісін психологиялық тәрбиелеумен қатар жүргізілетін әдістердің бірі. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары. Бұл жазасын өтеуші азаматтардың қайтадан қылмыс жасауына жол бермеудің бірден-бір жолы. ​Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарысқа жасақтардан командалар қатысып,жарыс көркін қыздырды. Аса белсенділікпен атсалысып, тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша мекеме бастығының бұйрығымен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.