AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалына қарасты «Нұр Бастау» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы өтті.
Есеп беру-сайлау жиналысында бастауыш партия ұйымның төрағасы Бердалиев Мұрат Әзімханұлы 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстарының есебін беріп, алдағы атқарылатын міндеттері туралы айтып өтті.
Жиын барысында бастауыш партия ұйымы жергілікті жерде партия саясаты мен оның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, халықпен және әрбір партия мүшесімен етене жұмыс істейтін құрылым екендігіне басты назар аударылды.
Өз тарапынан партия мүшелері бастауыш партия ұйымының атқарылған жұмыстарына оң баға беріп, алдағы кезеңге белгіленген міндеттер мен барлық іс-шараларды толық қолдайтындығын жеткізді.
Жиын соңында Партия Тараз қалалық филиалының кезекті конференциясына делегаттар сайланды.