«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының XXXVI есеп беру конференциясында тиісті қаулылар қабылданды

0 22
«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының XXXVI есеп беру конференциясы өтті.
Конференция жұмысына партияның Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, партия қалалық филиалы «Жастар Рухы» Жастар Қанатының мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұды қатысты.
Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің 2021-2023 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы филал төрағасының есепті баяндамасы тыңдалып, жарыссөзге жазылған Саяси Кеңесінің мүшесі Жанар Рымбекқызы, «Минералды тыңайтқыштар зауыты» бастауыш партия ұйымының төрағасы, фракция мүшесі Қайсар Тілектесұлы, «Жастар Рухы» Жастар Қанатының төрағасы Ақылбек Саламатұлы сөз алып, партия Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің есепті баяндамасына «қанағаттанарлық» деп баға берді.
Партия Жамбыл облыстық филиалының ХXXII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.
Конференцичда «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы қорытынды сөз сөйлеп, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстың маңыздылығына жан-жақты тоқталды.
Конференцияда күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.