Үстіміздегі жылдың 1 қарашасында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясы өтті. Сессияға он бір өкілеттігі бар депутаттың тоғызы, аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Баяхмет Шынжарбеков, аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Таңат Әділбаев, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Самат Тынышбеков, аудан әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің бас маманы Серікболсын Нұрлыханұлы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Тынышхан Әрістеев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Шахикерім Исабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков және БАҚ өкілдері қатысты.
Аудандық мәслихат төрағасы Нұртас Саурықов сессияны ашып, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде «Мойынқұм аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№24-3 «2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық кеңесші органның құрамы туралы», «Мойынқұм аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы», «Мойынқұм аудандық мәслихаты аппаратының ережесін бекіту туралы», «Жер телімін немесе жер телімінің жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды) ұйымдастыру және өткізу үшін комиссия құрамы туралы» мәселелер болды.
Аталған мәселелер бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Баяхмет Шынжарбековтің, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Самат Тынышбековтың, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ұлан Әліпбековтың, аудан әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің бас маманы Серікболсын Нұрлыханұлы тұрақты комиссия отырысындағы баяндамаларынан назарға алынып, мәслихат төрағасы Нұртас Ұзақұлы шешім жобасын ұсынып дауысқа салуды сұрады, өкілеттігі бар депутаттар ұсыныстар мен шешім жобасын бір ауыздан қолдап, дауыс берді.