Қолөнершілерге құрмет көрсетілді

0 28

4 маусым-Рәміздер күніне орай қазақтың құрағын әлемге паш етіп, халқымыздың  ауызбіршілігін көрсету мақсатында Астана қаласында ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігілген болатын. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 250 шебер атсалысып, Ту түстес қолөнер туындысын жасап шыққан.  Көк түстен жасалған бұл көрпелер «Гиннес рекордтар кітабына» енгізілгенін бұған дейін жарияладық.

Осыған орай аудандық мәдениет үйінің директоры Мейіржан Сейділдаев Қазақстанның жаңа рекордын орнатқаны үшін «Гиннес»  Қазақстан рекордтар кітабінің ресми өкілі Қуандық Құдайбергеновтің сертификатын  құрақшыларға  табыс етіп, жылы лебізін жеткізді. Марапат иелері ауданымыздағы Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов тірек мектептерінің мұғалімдері Жазира Сейтжанова, Ақмарал Қалымбетова, зейнеткерлер Аманкүл Дәметова, Тазакүл Станбекова, аудандық мәдениет үйінің тігіншісі Алмаш Таубазаровалар  алғыстарын айтты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.