Қордай ауданында келелі кездесу өтті

0 1

Қордай ауданына жұмыс сапарымен Жамбыл облысы Әділет Департаментінің басшысы Н.Андасов келіп, тұрғындармен кездесті.

Бірінші кезекте облыстық Әділет Департаментінің басшысы аудандық Мәдениет үйінде қордайлықтармен жүздесті. Жиында Н.Андасов азаматтардың құқықтары, оны қорғау тәсілдері, қажет болған жағдайда арнайы органдарға жүгіну сынды мәселелерді көтеріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Осыдан кейін Н.Андасов «Аманат» партиясы аудандық филиалы ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың сұрақтары әр түрлі болды. Мәселен, біреуі үйінің құжатын заңдастыра алмай жүрсе, енді біреуі өзінің жер учаскесіне көршісі кіріп кеткенін жеткізіп, оны заң аясында шешу жолын сұрастырды.

Қабылдауға жазылған тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңестер берілді.
Бүгін облыстық Әділет Департаментінің басшысы Әлжан ана ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы №23 орта мектепте дәл осы тақырыпта тұрғындармен кездесіп, консультация береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.