Биыл Таласта 2376 адам жұмыспен қамтылған

0 13

Ағымдағы жылы ауданда жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында 2376 адам жұмыспен қамтылған, оның 1228-і тұрақты жұмысқа орналастырылыпты.
Екі қолға бір күрек тапқандардың 878 қоғамдық жұмысқа тартылса, 91 маман жастар тәжірибесі бойынша еңбек етуде. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандардың жалпы саны-100 болса, 35-адам алғаш рет жұмысқа кірген. Сондай-ақ, ұрпақтар келісім шартымен 2 тұрғын өз кәсібі бойынша еңбекке тартылса , 42 орта жастан асқан тұрғын күміс жас санатымен жұмыс тапқан.

2023 жылы аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 370,2 млн.теңге жоспарланды.
АӘК-ті тағайындау барысында ескерілетін кедейшілік шегі 2023 жылдың 3-ші тоқсанына 32 171 теңге болып бекітілді.
Атаулы әлеуметтік көмекке 167,765 млн.теңге тағайындалып, 394 отбасына, немесе 2150 адамға төленген. Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 22,035 млн.теңге бөлініп, 338 отбасына тағайындалыпты. Тұрғын үй көмегіне зәру 194 отбасындағы 1070 адамға 2,329 млн.теңге берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.