Облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Біржан Күзембековтің қатысуымен Талас ауданында туризмді дамытуға байланысты жиын өтті.
Басқосу барысында өңірдегі туризм кластерін алға жылжытуға арналған жол картасының орындалу барысы, осы бағыттағы мақсат-міндеттер талқыланды. Талас жері тек терең тарихымен ғана емес, көз тартар көрікті табиғатымен де ерекшеленеді. Осындай тартуды пайдаға жаратып, өзге аймақтарға жарнамалай білуіміз керек. Бұл туралы жиын барысында Біржан Мықтыбекұлы айтты. — Мойындауымыз тиіс. Туризм саласы пандемия кезінде үлкен зиян шекті. Қазір туризмді дамытуға арналған бағдарламалар мен жобалар қабылданып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Өңірде 3 мыңнан аса тарихи-мәдени ескерткіш бар. Біз оның ішінде адамдар ең көп баратын 65 нысанды таңдап отырмыз. Алдағы уақтта оларға инфрақұрылым тарту бойынша жұмыс жасайтын боламыз,-деген Біржан Күзембеков туризм бағытында Талас ауданының потенциялы өте жоғары екенін жеткізді. Дегенмен саланы жолға қою үшін кездесетін кедергілер аз емес. Оның бастысы-қаржы мәселесі. Одан бөлек, инфрақұрылымның тартылмағандығы, кадр тапшылығы, жарнаманың жоқтығы да келушілер санын арттыруға тұсау болып отыр. Жоғарыда айтылған 65 тарихи-мәдени ескерткіштер қатарында ауданнан «Тамды қалашығы», «Бөлтірік шешен» мемориалы, «Ақкесене» және «Тамды әулие» бұлағы еніп отыр. -Болашақта бұл орындарға инфрақұрылым тартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Жұмасалатын қаражат көлемін есептедік. Оны үш жылға бөліп, тиісті жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарын жасадық. Ноғай ишан, Абдулла ишан, Қарақожа мешіті, Тәңірқазған, Бөріқазған және Саңырық батыр кесенелері де тарихи маңызы бар ескерткіштер. Бұл маңға туристерді тарту үшін жарнама жасап, балалармен танымдық экскурсия ұйымдастыруымыз қажет. Әсіресе, таулы аймақтағы қызғалдақтар көпті қызықтырады. Көктем мезгілінде оны тамашалауға келетіндер аз болмайды. «Тюльпан турын» өткізуді қолға алу керек,- дейді «Ғылыми мекеме» АРК» ЖШС-нің директоры Ескендір Төрбеков. Еркін форматта өрбіген жиында көтерілген мәселе бойынша пікірлер айтылып, сауалдар қойылды. Аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров археологиялық ескерткіштер бойынша тиісті жұмыстарды соңына дейін аяқтауға қатысты ұсынысын айтса, Қаратау технология, білім және бизнес колледжі «Феникс» білім беру орталығының жетекшісі Төлеген Нұржанұлы Қаратау қаласына студенттер қалашығын жасау туралы тілегін білдірді. Кездесу барысында айтылған мәлеселенің өте өзекті екенін алға тартқан «Қызғалдақ» ЖШС-нің директоры Салтанат Кемелбекова айналдырып отырған кәсібімен, оны дамытудағы жоспарын бөлісті. Ал, аудан әкімінің орынбасары: -Алдағы жылы Қаратау ауылдық округі «Ауыл аманаты» жобасына енеді. Жоба аясында тұрғындарға 2,5 пайызбен несие алуға мүмкіндік туады. Жобаның 5 бағыты біз айтып отырған туризммен байланысты. Тиісті несиені рәсімдеп осы мақсатқа жаратуға болады. Есейхан ауылы табиғаты ерекше жер ғой. Келген қонаққа ерекше әсер беретіні даусыз,-деді. Басқосуда бұдан бөлек меншігінде туризм аймағын соғуға ыңғайлы жері бар азаматтарды анықтауға, ауданның тарихы мен табиғатын әлеуметтік желі арқылы жарнамалауға қатысты.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.