Жамбыл облысында акция басталғаннан бері 1600-ден астам сенбілік өткізіліп, 214 мың адам тартылған. Акцияның мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Осының аясында барлық тұрғындар өздерінің аулаларын, көшесінің тазалағын қамтамасыз етуде. Аталан шараға жамбылдықтар да белсене ат салысып жатыр.
2024 жылға абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 9,4 млрд. теңге қарастырылған. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен скверлер, 816,6 шақырым каналдар мен арықтар, 3,1 мың шақырым көше мен 99 мың аулалар қоқыстардан тазартылып, 9,7 мың қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылып, 49 субұрқақ іске қосылған.
Облыста «Таза Қазақстан» акциясы жыл соңына дейін жалғасып, тұрғын үйлер, жолдар, халыққа арналып салынған демалыс саябақтары жөнделетін болады.