Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады

0 3

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке қабылдады.

Бұл жолы 10 тұрғын шағын бизнесті қолдауға, аула спортын дамытуға және ауылдық жерлерде спорттық инфрақұрылымды жақсартуға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, елді мекендерде су және әлеуметтік нысандарды салуға байланысты өз ұсыныстары мен өтініштерін айтты.

Ербол Қарашөкеев халық көтерген мәселелер назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Барлық түйткілдер заңнама шеңберінде қаралып, толық шешілгенге дейін өңір басшысының жеке бақылауында болады.

Аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне, басқарма басшыларына келіп түскен өтініштерді жан-жақты зерделеу шараларын қабылдау тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.