2025 жылғы 18 мамырда Талас ауданы Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мамадияров Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт ауылдық округтеріне әкім болып сайланған азаматтармен кездесіп, куәліктер тапсырды.
Сайлау қорытындыларымен Аққұм ауылдық округі бойынша сайлаушылардың 378 дауысын жинап Аққұм ауылдық округінің әкімі болып Жамбайбеков Акылбек Манапович сайланды.
Бостандық ауылдық округі бойынша сайлаушылардың 453 дауысын жинап Бостандық ауылдық округінің әкімі болып Рысдаулетов Муратхан Абдихадирович сайланды.
Қызыләуіт ауылдық округі бойынша сайлаушылардың 396 дауысын жинап Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі болып Шәріпхан Қаршыға Әнуарханұлы сайланды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.