Таразда жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқын алды

0 3

Таразда жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазір Төле би көшесінің Жамбыл даңғылы мен Қаратай Тұрысов көшелерінің қиылысындағы 1,5 шақырым жылу желісі ауыстырылуда.
Жалпы шаһарымызда 278 шақырымға жуық магистарлдық және кварталішілік жылу желісі бар. Оның ішінде 229 шақырым құбырдың тозығы жеткен. 2023 жылы шаһардағы Сыпатай батыр, Төле би және Қаратай Тұрысов көшелерінің бойындағы «М-1» жылу магистралін қайта жаңғырту жобасы әзірленген еді. Былтыр жоба қолдау тауып, ұзындығы 4,6 шақырым болатын құбырлар ауыстырылған болатын. Сонымен қатар биыл Төле би-Жамбыл даңғылының қиылысынан Сәкен Сейфуллин-Д. Қонаев көшесіне және Төле би-Жамбыл қиылысынан Әйтеке би көшесіне дейінгі 650 метрді құрайтын «М-3» жылу магистралін жаңғырту іске асырылмақшы. Бұған қоса «Ұлы дала» шағынауданында жылу күшінің төмендігіне байланысты магистралдық және орамішілік жылумен жабдықтаудың инженерлік желілерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілмек. 2024-2029 жылдарға арналған тозған жылу желілерін ауыстыру жоспарына сәйкес, республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 14 жоба әзірленіп, Энергетика министрлігіне ұсынылған. Аталған жобалар қолдау тапса жылу құбырларының тозыу деңгейін 51 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.