Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Байзақ ауданына арнайы барды. Вице-министр Түймекент ауылдық округі аумағында итальян прусы шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының барысымен танысты.
АШМ АӨК МИК Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Нұрби Жігітеков Байзақ ауданы бойынша 12 ауылдық округте мороккалық шегіртке таралғанын атап өтті. Осы бағытта жалпы өңдеуге жататын 6223 гектардың 4215 гектары жер үсті, 1800 гектары ұшақпен, 208 гектары дронмен өңделгенін жеткізді. Ендігі кезекте, итальян прусы шегірткесі 17 ауылдық округке таралып, нәтижесінде жалпы өңдеуге жататын жер көлемі 13676 гектарды құраған. Оның 1200 гектары ұшақпен, 415 гектары дронмен, қалған 12061 гектары жер үсті арқылы өңделмек. Барлық өңірлерде шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын үйлестіріп, ұйымдастыру бойынша жедел штабтар құрылғанын атап өткен Вице-министр ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін агродрондар мен бүрку техникасын сатып алуды жеңілдету мақсатында инвестициялық субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін жеткізді. Сондай-ақ, мұндағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.