Бүгін Талас ауданында Жеңіс күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Қала тұрғындары мен қонақтары майдан даласында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, аудан және қала басшылары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатысты.
Осы шарада біз де білім бөлімінің ұжымы гүл шоқтарын қойып, тағзым еттік.
Мәңгілік тағзым! Ерлік – ұмытылмайды!