«ҚазПроТемір» компаниясы «Тараз» индустриялық аймағының аумағында қара металды балқыту, шаршы дайындамаларды шығару, жұқа мырышталған және полимерлі жабыны бар болатты өндіру бойынша зауыт салуда.
Өндіріс ошағы жылына 500 мың тонна болат дайындамаларын шығаруға қуатты.
Жобаның құны 55,4 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта зауыт аймағы толығымен бетон қоршаумен қоршалған. Ішінара жолдар салынуда. Ұңғымалар орнатылып, іргетас шұңқыры қазылды.
Қазір кәсіпорынды салу үшін арнайы жер әзірлеу жұмыстары аяқталды.
Металлургиялық зауытта тек отандық шикізат пайдаланылмақ.
Құрылыс жұмыстарына 50 адам жұмылдырылған.
Кәсіпорын Қытайдан келетін құрал-жабдықтардың алдын ала төлемін жасады.