30 мамыр күні Қаратау қаласында зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған ауқымды акция өтті. «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық екі айлық науқан аясында өткен іс-шарада жүзден астам адам бас қосып, қоғамдағы отбасы құндылықтарын насихаттады.
Таңғы 9:00-де автошеру «Самал» көру алаңынан басталып, орталық «Жеңіс» алаңға дейін жалғасты. Ұрандар мен мемлекеттік тумен безендірілген көліктер қала көшелері арқылы өтіп тұрғындардың назарын аударды.
Орталық «Жеңіс» алаңында 200-ге жуық қатысушы жиналып, флешмоб биімен, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Аудан әкімінің орынбасары мен қоғам белсенділері отбасыдағы зорлық-зомбылыққа төзбеу керек екенін атап өтті.
Акция барысында медицина, білім, құқық қорғау, төтенше жағдайлар және жастар ұйымдарының өкілдері өз үндеулерін білдіріп, отбасылық құндылықтардың маңыздылығын жеткізді.
Бұл шара — тек бір күндік флешмоб емес. Бұл – қоғамның үндеуі. Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Оған қауіп төндіретін кез келген зорлық-зомбылыққа жоқ дейік!