Жеңіс тұғырында

0 2
Тараз қаласының тумасы, еліміздің намысын сәтті қорғап жүрген ер жүрек спортшы, жерлесіміз Ангелина Лукас өңірімізде өткен әлем чемпионатында өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, чемпион атағын абыроймен қорғап шықты.
Мақтанышымызға айналған спортшыны жамбылдықтардың атынан шын жүректен құттықтаймын!
Ангелина тек жамбылдықтардың ғана емес, күллі қазақстандықтың мерейін үстем етті. Бұл – еліміз үшін зор мақтаныш, ал жас ұрпақ үшін – үлгі-өнеге.
Қайсар мінезі, темірдей тәртібі мен табандылығы, тынбай төккен маңдай терінің арқасында Ангелина әлемдік аренада жарқырап көрініп жүр. Бұл – Әулиеата спортының қарқынды дамып келе жатқандығының жарқын айғағы.
Ангелинаның мәртебелі жеңісі құтты болсын!
Алдағы байрақты бәсекелерде де сәттілік серігі болып, көк туымызды көктен желбірете беруіне ниеттеспіз!
Жамбыл спортының абыройы арта берсін!
Leave A Reply

Your email address will not be published.