ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ: Жалпы республикалық акциясы өткізілді

0 5

Бүгін белгіленген уақытта республика бойынша өткізілген «Халық заңгері» ауқымды акциясы аудан орталығында орналасқан Халыққа арналған цифрлық кеңседе өтті.
Құқықтық кеңеске мұқтаж азаматтар үшін бұл – кәсіби заңгерлерге тегін жүгіну мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар, өз құқықтарын білу мен қорғауға бір қадам жақындау. «Халық заңгері» – заңгер мен халық арасын жақындатқан сенімді көпірге айналып келеді.
Бұл жерде заң аясында кеңес алғысы келген халық қарасы аз болған жоқ. Әрбір адамды кіреберістен қарсы алып тұрған мамандар мәселесін тыңдап, ары қарай нақты көмек көрсете алатын қызметкерге жолдап отырды.
Халықтың құқықтық сауатын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатын көздеген шара барысында аудан тұрғындары білікті заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, өзге де құқық саласының мамандарынан тегін консультациялық кеңестер алды. Олар тұрғындарды толғандырған тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жер дауы, еңбек қатынастары және басқа да мәселелері бойынша түсіндірме жасап, құқықтық көмектер ұсынды. Сондай-ақ, аталмыш акцияға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де қатысып, халықпен бетпе-бет кездесу арқылы түрлі сұрақтарға жауаптар берді.
Бұл – халық пен билік арасындағы ашық диалогтың тиімді алаңы. Өйткені, аталмыш шара құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге өз септігін тигізгені анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.