1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде дүние жүзі бойынша кең көлемде атап өтіледі. Бұл мереке балаларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Елімізде балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы бекітілген. 10 күндік тұжырымдама аясында өткізілетін іс-шаралар балаларға ерекше көңіл бөлініп отырғандығының белгісі. Әрбір бала — балалық шақтың бал дәмін татсын!
Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов мереке қарсаңында ерекше қажеттіліктері бар балаларға қуаныш сыйлау мақсатында ұйымдастырылған кеште айтып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыс етті.
Шара барысында Балалар мен жасөспірімдер орталығының өнерпаздары әннен шашу шашып, балалардың көңілін көтерді. Балалар да өлең шумақтарын айтып, өз өнерлерін паш етті.
Ал, ата-аналар арнайы кеш ұйымдастырушыларына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Сондай-ақ, мерекеге орай құттықтау сөзін айтқан «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрайымы Индира Спаналиева балаларға арнап партия белсенділері демеушілік еткен балмұздақтарды тарту етті.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.