Талас ауданында 2006 жылы өз шаңырағын көтерген Балалар мен жасөспірімдер орталығы бүгінгі күнге дейін өнерге бейім балалардың талантын ұштаумен қатар, биік белестерден көрінуіне ықпал жасауда. Қазіргі таңда бұл орталықта жиырмаға жуық үйірме жұмыс жасайды.
Көркем эстетикалық бағыт, жаратылыстану- математикалық бағыт,спорттық сауықтыру бағыты, ғылыми- техникалық және тарихи -өлкетану бағыты бойынша жұмыс жасайтын үйірмелерде жыл сайын қатысушы балалардың саны артып келеді. Орталықта бүгінгі таңда Қаратау қаласындағы 8 мектептің оқушыларымен қатар, ауылдық округтердегі бірнеше мектептің оқушылары түрлі бағыт бойынша қабілеттерін шыңдауда.
Өткен аптада Балалар және жасөспірімдер орталығының ауласында «Балалық шақтың бал күні» атты жылдық қорытынды есеп беру концерті өтті. Өскелең ұрпақтың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырумен қатар, жаңа, өзгеше идеяларды іздестіру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыруды мақсат тұтқан шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова балалардың талантын танып, шығармашылық қабілетін шыңдап жүрген Балалар мен жасөспірімдер орталығының толайым табысы мен жетістіктерін тілге тиек етті, орталық ұстаздары мен ұжым еңбегіне жеміс тіледі. Мұнан соң талас аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Дүйсенбек Нұрбалтаев орталқтың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан, демеушілік көрсеткен ата-аналарға аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарын табыстады. Аудандық білім бөлімі қосымша білім беру мекемелерінің кураторы Сәуле Сағынбекова осы орталықтың бірқатар қызметкерлерін білім бөлімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.Жылдық есеп беру шарасының сондай-ақ, АMаNат партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы Докторбек Мәселеков, Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының директоры Жанар Мырзамбетова, Түзету орталығының меңгерушісі Жадыра Нарымбетова, «Talas adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі Шахида Миркурбанова құрметті қонағы болды.
«Балалық шақтың бал күні» атты өнер кешінде вокальдық топтың орындауында әндер шырқалып, биші қыздар мың бұралып би биледі. Келушілерге ыстық бауырсақтар мен қытырлақ тәтті жүгерілер таратылды.
Ұстаз еңбегі — ұлы еңбек. Концерттік бағдарлама соңында Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Айгүл Бескемпірова осында қосымша білім алып, өнерге бейімделіп жүрген оқушыларға, орталықтың қандай- да бір жұмысына үлес қосып, көмек беріп жүрген ата- аналарға алғысын жеткізіп, ұжымға шығармашылық табыстар тіледі.
								
									
								 Sign in							
							
								
									
											
										
											
		
					
								
			
			
	
										
									
								
							
												
				
				
				 Sign in
				
					
						
						
										
				
			
			Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы
 
			