Ветеринария-ауылшаруашылығының маңызды саласы

0 3

Бүгін Сарысу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытов ветеринария саласының қызметкерлері мен сала ардагерлерін қабылдады.

Жиын барысында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, ветеринарияның ауылшаруашылық саласындағы маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев та ізгі тілегін жолдап, сала қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ауданның экономикалық — әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Кездесудің соңында сала ардагерлері ветеринария саласындағы елеулі еңбекті елеп, марапаттап жатқан аудан басшылығына ризашылықтарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.