Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

0 2

Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар қураған талдарды кесу, тұрғын үй кезегі, жер кезегі бойынша сауалдар қойды.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлікті қолдау, аула абаттандыру және атаулы әлеуметтік көмекке қолдау көрсету жұмыстары бойынша мәселелер көтерді.

Қала тұрғындарының сұрағын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешім қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.