Ағымдағы жылдың 27 тамызында Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылармен шеберлік сағаты өтті.
Кездесуге Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Орыс этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Оксана Дьяченко, ҚХА жанынан құралған шеберлер клубының және «Қолөнер-Тараз» ҚБ мүшесі Ольга Хабарова арнайы келіп, қатысушыларға орыс халқының ұлттық қуыршақтарын жасаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін үйретті.
Шебер өз сөзінде бұл қуыршақтарды жасауда орыс этносының өзіндік мәдени құндылығы бар екенін атап өтті.
Шеберлік сыныбы барысында күзде піскен дәнді дақылдармен (бидай, тары, қарақұмық, жүгері) толтырылған дорбалардан әйел бейнесіндегі қуыршақтар тігіліп, түрлі киім үлгілерімен безендірілді.
Орыс халқына сай ою-өрнектермен нақышталған жастықтар, қуыршақтар тігіп, қолөнердің сырлы әлемімен танысқан оқушылар жиын соңында шеберлерге алғыстарын айтып, естелік суреттерге түсті.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы