Жастар-ел болашағы!

0 4
Талас ауданында Қасқабұлақ орта мектебінің оқушылары мен ауыл тұрғындарына заң мен тәртіп қағидаты аясында «Жастар – ел болашағы» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Жиынның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға құрмет қалыптастыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілікті нығайту болды.
Кездесуге арнайы Талас АПБ бастығы, полиция подполковнигі Абдрахманов Бақытжан Серікұлы қатысып, мектеп оқушыларына, ата-аналарға және ауыл тұрғындарына заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қылмыстың алдын алу бағытында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ол өз сөзінде жастардың тәрбиесі – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, жас буынды теріс әрекеттерден сақтандыруда отбасы мен мектептің рөлі ерекше екенін жеткізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.