Талас ауданында мал басын сақтау және оның өнімін ұлғайту бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Есепті мерзімде аудандағы мал басының жалпы саны 538 134 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 46 051 басқа немесе 9,4%-ға артқан. Сондай-ақ, егін алқаптарының көлемі 99,7 гектарға ұлғайыпты.
Аудандағы барлық егістік жер алқаптарының көлемі 21 518 гектарды құраса, оның суармалысы — 11 970 гектарды, тәлім жер — 9548 гектарды құрайды.
Ағымдағы жылы егіс алқабы көлемі 99,7 гектарға ұлғайтылып 2026 жылдың өнімі үшін барлығы 12 654 гектар (2025 жылы 12 554,3 га) алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылады деп жоспарланған.
Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы дақылдары 12750 гектар егістік алқапқа орналастырылып, жоспар 100,7%-ға орындалды
Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы іске асырылатын «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша арпа, бидай, жүгері, қызылша дақылдарын егу үшін жалпы құны 320 млн. теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды.
Атап айтқанда, Бостандық ауылдық округінен «Зерхат» шаруа қожалығы 242 млн. теңге, Қаратау ауылдық округінен «Кеңескүл апа», «Ардақ» шаруа қожалықтары 40 млн. теңге, С.Шәкіров ауылдық округінен «Бөрі», «Талант» шаруа қожалығы 26 млн. теңге және Тамды ауылдық округінен «Қыдырбек» шаруа қожалығы 12 млн. теңге.
Сонымен қатар, биылғы жылға 1300 га су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарлануда (2025 жылы 390 га). Оның ішінде:
Тамшылатып суару бойынша 808 га («Зерхат» ШҚ 608 га, «Демеш» ШҚ 55 га, «Нұр-Дәулет» ШҚ 100 га, «Рәтбек» ШҚ 35 га, «Мирас» ШҚ 10 га);
Лазерлік тегістеу бойынша 492 га («Шәріпбай» ШҚ 20 га, «Нұр-Дәулет» ШҚ 210 га, СПК 150 га, «Нұр» ШҚ 7 га, «Әли» ШҚ 2 га, «Болтай» ШҚ 7 га, «Ернұр» ШҚ 3 га, «Бөрі» ШҚ 53 га, «Қарғаш» ШҚ 40 га).
Сондай-ақ, ауданда 01.01.2026 жылға барлығы 812 дана ауыл шаруашылығы техникалары, оның ішінде, 7 бірлік астық комбайны, 323 бірлік трактор, 482 бірлік басқа қосалқы агрегаттар тіркелген.
Көктемгі егіс-дала жұмыстарына 439 бірлік ауылшаруашылығы техникалары тартылды (333 трактор, 70 соқа, 18 дән сепкіш, 17 қопсытқыш, 1 дән улағыш).
Жыл басынан «Қазагрофинанс» АҚ мекемесінің «Жеңілдетілген лизинг 6%» бағдарламасымен және «Тараз Әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы» арқылы жалпы құны 255,7 млн.теңгені құрайтын 23 дана (13 трактор, 10 агрегаттар) техника сатып алынды (жоспар — 30 техника).
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.