Ауданда 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

0 29

Талас ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,59 шақырым құрайды. Оның 394,1 шақырымыоблыстық маңызы бар, 193,49 шақырымыаудандық маңызы бар жолдар.
2026 жылы қала және елді мекендердегі 24 көшені орташа жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен жалпы 600,0 млн.теңге қаражат бөлінді.
Қаратау қаласындағы 5 көшені (Амангелді, Т.Тоқтаров, Наурыз, А.Молдагулова, Фабричная) орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 49,8 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі а.ж. 30 маусымына дейін.
Майтөбе ауылындағы 4 көшені (Даулетбеков, Берікқара, Қошмамбетов, Наурыз), Қожағаппар ауылындағы 1 көшені (Елеусізұлы) орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 206,9 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі а.ж. 31 шілдесіне дейін.
Қызыләуіт ауылындағы 3 көшені (Абай, Палуан, Мектеп), Ақтөбе ауылындағы 1 көшені (Сапақ Датқа) орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 170,7 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі а.ж. 30 маусымына дейін.
Бөлтірік шешен ауылындағы 1 көшені (С.Сабыралиев) орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 36,6 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қаратау қаласындағы 10 көшені (Рыспек батыр қилысы, 1-ші Абай қилысы, Ы.Дүкенұлы көшесі, Ы.Алтынсарин көшесі, Железнодорожный қилысы, Таусамалы көшесі, Шолақтау көшесі, Тамды әулие бұлағына кіреберіс, Мақұлбек Шерімұлы көшесі, Талас көшесі) орташа жөндеу және Тамды ауылындағы 2 көшені (Тілепбергенов, Бекболатов) орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Қаратау қаласындағы Тамды аулие, Арбатас көшелерінің автомобиль жолдарын қайта жаңғыртуға 2026 жылға облыстық бюджеттен 157,5 млн.теңге бөлініп, (мердігер «Тараз көлік жолы» ЖШС) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.