Аудан әкімі Сәкен Мамытов егін жинау науқанымен танысты

0 45

Аудан әкімі Сәкен Мамытов жұмыс сапарымен Түркістан ауылдық округінде егін жинау науқанының барысымен танысты. Бүгінде науқан жоспарға сәйкес іске асуда. Жұмыс барысын бақылаған аудан басшысы биылғы өнімнің мол боларына сенім білдіріп, шаруаларға сәттілік тіледі.

Бүгінде ауданда шаруалар дәнді дақылдарды ору жұмыстарын бастады. Ауданда 90-ға жуық шаруа қожалығы дәнді дақылдар өсірумен айналысады. Бүгінгі күнге жаздық арпа дақылының орташа түсімділігі 12-15 ц/га құрап отыр. Ағымдағы жылдың өнімі үшін бидай – 2 250 га, арпа – 8 000 га, дәндік жүгері – 420 га, майлы дақылдар (мақсары) – 6 500 га және мал азығы дақылдары – 8 035 га орналастырылған.
Шаруаларға егін жинау науқанын уақтылы өткізуге қажетті жанар-жағар май және техника дайындығын үйлестіру жұмыстарын тапсырды. Егін жинау жұмыстарын жүргізуге шаруаларға 520 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген. Тарату бағасы 281 теңге. Шаруалар өтініміне сәйкес дизель отыны кедергісіз бөлінуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 209,0 млн. теңге шаруалар техника паркін жаңартты. Және 150,0 млн. теңгеге жаңа техникалар алуға өтінім қаралуда.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.