Талас ауданында жас чемпион өсіп келеді

0 128

Талас ауданындағы №4 «Үміт» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері бочча спортынан жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ауданның ғана емес, облыстың мерейін асырып келеді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар жандарға арналған бұл паралимпиадалық спорт түрі спортшылардан дәлдік, төзімділік, сабырлылық және жоғары дайындықты талап етеді.

Мектеп-интернат оқушылары Көрпеш Мәулен мен Нұрлан Мәулен соңғы жылдары бочча спортынан тұрақты түрде жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Олар облыстық жарыстарда топ жарып, республикалық чемпионатқа жолдама иеленген болатын.

Жуырда Астана қаласында өткен боччадан Қазақстан Республикасының чемпионатында Талас ауданының намысын қорғаған қос спортшы тартысты додада өз шеберліктерін көрсетті. Еліміздің әр өңірінен жиналған үздік спортшылар қатысқан жарыста Көрпеш Мәулен қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Бұл – жас спортшының ғана емес, Талас ауданы спортының да үлкен жетістігі.

Ал Нұрлан Мәулен де жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өзінің тәжірибесі мен шеберлігін дәлелдеді. Қос спортшының табысы – олардың тынымсыз еңбегінің, жүйелі жаттығуының және жаттықтырушылардың кәсіби қолдауының нәтижесі.

Бүгінде Көрпеш Мәулен мектеп-интернаттың 6-сыныбында, ал Нұрлан Мәулен 8-сыныбында білім алуда. Жас спортшылардың жетістігі өзге оқушыларға үлгі болып, Талас ауданында параспорттың дамуына серпін беріп келеді. Алдағы уақытта олардың республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғайтынына сенім мол.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.