Мобильдік топ жұмысы талқыланды

0 144

Ұлбике ақын атындағы Мәдениет үйінде Талас ауданы әкімінің №05-58 өкіміне сәйкес құрылған мобильдік топ мүшелерімен маңызды кездесу өтті.

Аталған кездесудің негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау, олардың мәселелерін жан-жақты зерделеу және тиісті қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы күрделі азаматтарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыру, мемлекеттік органдар мен мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Мобильдік топта  прокуратура, полиция бөлімі, білім беру саласы, денсаулық сақтау мекемелері, ауылдық округ әкімдері және Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері енгізілген. Қазіргі таңда аталған топ құрамындағы жалпы 229 маман Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінде тіркеліп, белгіленген бағыттар бойынша жұмыстар атқаруда.

Кездесу барысында мобильдік топ мүшелерінің міндеттері, отбасылармен жұмыс жүргізу тәртібі және алдын алу шараларын ұйымдастыру бағыттары кеңінен қарастырылды. Мамандар өзара пікір алмасып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетудің тиімді жолдарын талқылады.

Іс-шараға Талас ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Төлендіұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанаева Гүлдана Шералиевна және Отбасын қолдау орталығының директоры Пірман Кендия Тәшімқызы қатысып, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Олар өз сөздерінде отбасы құндылықтарын сақтау, қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақытылы көмек көрсету және әлеуметтік мәселелердің алдын алу, бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Отбасын қолдау орталығының мамандары орталық тарапынан жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы таныстырылым жасап, көрсетілетін қызмет түрлері мен алдағы міндеттер жөнінде ақпарат берді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.