Президент архиві 30 мыңнан аса істі жариялады

0 9

Бұл туралы ҚР Президенті Архивінің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Борис Жапаров айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Архив соңғы жылдарда 30 мыңнан аса істі ашыққа шығарып, олар белсенді түрде ғылыми айналымға енгізілді. 100-ден аса тарихи-құжаттық жинақтар жарияланып, Қазақстанның қазіргі заман тарихының құжаттық мұрасын әйгілеу мен насихаттаудың заманауи формалары қолданылысқа енді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттердің дамуының әлемдік тренді ретінде атап көрсетілген цифрлық технологиялар арқылы құжаттарға кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері де шешімын тауып жатыр. Қазіргі күнде ҚР Президентінің Архиві ақпараттық маңызы жоғары қорлардың 85 мыңнан аса ісін электрондық форматқа көшірді және 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 160 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр», — дейді Борис Жапаров.

Сонымен қатар, ол Президент архивінің қорында сақталған мәлметтерге шетелдіктердің де қызығушылығы жоғары екенін айтты.

«Осы ширек ғасырдан астам уақыттағы заманалық оқиғалардың тарихи айғақтары Президент Архивінің қорында ұқыптылықпен сақтаулы. Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне қатысты архивтік құжаттармен қазақстандық және шетелдік жетекші ғылыми-зерттеу мекемелері, институттар мен университеттерінің екі мыңға жуық зерттеушісі жұмыс жасады. Оларға 25 мыңнан аса іс берілді. Аталған тақырып бойынша архив құжаттары Ұлыбританя, Франция, Германия, АҚШ, Польша, Жапония, Корея, Қытай, ТМД елдерінің зерттеушілерінің қызығушылығын тудырды. Шетелдік зерттеушілер архив құжаттары Қазақстан тарихы бойынша Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы маңызды рөлін әр алуан қырынан ашып көрсететінін айтады. Сонымен бірге, осы құжаттардағы мәліметтер өзге елдер мен халықтарды бізге жақындастыратынын, мемлекеттер арасындағы саясатты айқындайтынын, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға түрткі болатынын үнемі айтады», — дейді Президент Архивінің директоры.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.