Микротолқынды пештердің адамзатқа қандай қауіп төндіре алатыны айтылды

0 16

Ұлыбританияның Манчестер университетінің ғалымдары микротолқынды пештердің қоршаған ортаға қалай әсер ететінін анықтады, — деп хабарлайды РИА Новости оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуроодақ елдеріндегі АЖЖ (аса жоғары жиілік) немесе микротолқынды пештер жылына 6,8 миллион автокөлікпен теңдей көмірқышқыл диоксидін бөледі екен. Ал мұндай фактор жаһандық жылуға әсер ететіндей күші бар екені айтылады. Сонымен қатар, ЕО елдеріндегі микротолқынды пештер жылына ірі үш газоэлектр станциясының бір жылда бөлетін қуатын жұмсайды екен. Зерттеушілер мұндай пештерді утильдеуге қатысты да алаңдаушылық білдірді.

«Бүгінгі таңда тұтынушылар ескісі істен шықпай тұрып та жаңа затты сатып алады. Электронды тауарлар мәртебе көрсеткіші болып кеткен. Осыған байланысты қоқысқа өзге заттардан гөрі құралдар көбірек тасталады», — дейді Алехандро Гайего Шмидт.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.