Бүгін Тараз қаласындағы «Достық»алаңында «Әз-Наурыз думан» мерекесі тойлануда, деп хабарлайды «ZhambylNews» A.A.Театр қойылымдарына шамамен 800 адам, концерттік бағдарламаларға 100-ге жуық әртістер мен қалалық бишілер ұжымы қатысты.
Облыс тұрғындары үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сүлейменов көшесінің бойына 15 киіз үй тұрғызылып, «Ат шабар» ұлттық ойыны ұйымдастырылып тұрғындарға наурыз көже мен бауырсақтар таратылды.
Спорттық ойындардан қой көтеру, қазақша күрес, ләңгі, асық ату сондай-ақ топтық жарыстар, үстел теннисі, арқан тартыс түрлері бойынша жарыстар өткізілді.
Мерекелік іс-шаралар әлі де жалғасын таба береді. Кешкісін Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы концерттік бағдарламалар мен арнайы отшашу болады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы