Тараздың жолдарында тәртіп жоқ. Көлік тізгіндегендер жол ережесінің не екенін білмейтін сияқты. Жол патрульдік полициясына да бағынғылары жоқ. Әулие аталық жүргізушілердің бассыздығына арнайы барған телепатруль біраз мәселенің басын ашты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.
Тараз. Түнгі уақыт. Бір байқағанымыз мұндағы көліктерде қауіпсіздік белдігі деген мүлдем жоқ сияқты. Әйтеуір жолда кетіп бара жатқандардың жартысы оны тақпайды. Мұндай зассыздықтың өтеуі 12 мың теңгенің төңірегінде. Алайда бұған 7 күн шамасында 50 пайыздық жеңілдік қарастылырыпты. Ия, көп күттірмей — ақ бірінші жол бұзақысы қолға түсті. Қажетті құжаттарының жартысы орнында жоқ. Енді айыппұл төлеуге тұра келеді. Ал мына қыз жол сақшыларының қолына бірінші рет түскен сияқты. Біраз әбігерленді. Баяғы сол, телефонына жармасты.
Рейд кезінде мәлім болғандай Тараздық жүргізушілер қауіпсіздік белдігін мүлдем таққысы келмейтін сыңайлы. Бұған себеп жүргізушілердің салғырттығы. Осы уақыт бірлескен рейд барысында 6 құқық бұзушылық жағдайы тіркелсе, бірнеше көлік айып тұрағына жөнелтілді.
Тәртіп сақшыларының айтуынша құқық бұзушылар мезгіл талғамайды. Олар үшін күннің де, түннің де айырмашылығы жоқ. Дегенмен жол қателікті кешірмейді. Енді алдағы рейд жұмыстары әр тақсон сайын жүргізілетін болады.