Оклендте өтіп жатқан Әлемдік лиганың интерқұрлықтық кубогын Қазақстан құрамасы жеңіспен бастады. Ерлер мен әйелдер су добынан өткізіліп жатқан турнир наурыздың 27-де бастау алып, сәуірдің 10-на дейін жалғасатын болады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.
Ерлер құрамасы бірінші болып бақ сынады. Турнирдің тұсаукесер матчында Канада командасынан 10:9 есебімен басым түсті. Ал ертең отандастарымыз Аргентина мен Австралия арасында кім мықтыны анықтайтын болады.
Жалпы су добы спорты біздің өңірімізде жақсы дамыған. Бұған дәлел ретінде байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған әйелдер құрамасында 80% -ы Жамбылдық «Айша бибі» су добы клубының ойыншылары екендігін мақтанышпен айтуға болады.
Қыздарымыз Жаңа Зеландияның екінші командасын айқын басымдықпен жеңіп, есеп 19:5-ке теңесті. Ертең жерлестеріміз Аустралия ұжымымен кездеспек.