Əскери дайындық пен дене шынықтырудан командалық сайыс өтті

0 0

Бүгін Тараз қаласындағы «Достық» алаңында облыстың барлық оқу орындарының бастапқы әскери дайындық пәні оқытушы – ұйымдастырушылары арасында байқау өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Əскери дайындық пен дене шынықтырудан өткен сайыс — Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 26 жылдығына арналған. XIV облыстық байқауға барлық аудандар мен қаладағы оқу орындарының ұстаздары қатысқан.

Байқауға қатысушылар әскери – қолданбалы өнердің 8 түрінен сайысқа түсті:
пневматикалық винтовкадан оқ атты, Калашников автоматын бөлшектеп, қайта жинады және оқшантайды толтырды. Дене шынықтыру бойынша кедергі жолақтарын еңсеріп, кермеге тартылды, 100 метр қашықтыққа жүгірді жəне  арқан тартысты.
Жаяу тәртіппен саптық жүрістен де сыналды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.