Тарихи мекен- туристік кешенге айналады

0 1

Жамбыл облысындағы, әйгілі Ақыртас кешені толық зерттелетін болды. Оған еліміздің архологтарымен қатар шетелдік ғалымдар да тартылмақ. Халықаралық экспедиция жұмысы мамыр айынан бастау алады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап. 

Тасын түртсе тарихы сөйлейтін Тараз топырағына келген мәдинет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баспасөз жиынынан бұрын, Ақыртас кешені Сапар орталығынада  «Ежелгі Тараз ескерткіштері »  қорық- музейінің жылжымалы көрмесін аралаудан бастады. Ғалымдар Ақыртас сарай кешенін 130 жыл бойы зертеп келеді. ЮНЕСКО тізіміне енген архелогиалық ескерткіштің құпиялары күні бүгінге дейін толық анықталмаған. Жиында Ақыртас пен өзгеде тархи-мәдени мұра нысандарын туристік орталыққа айналдыру мәселесі де  талқыланды.

«Тарих танушыла басқада мамандардың бағалауынша Ақыртас әлемдегі Колизейге, Афинадағы Акропльға басқада нысандармен терезесі тең деген пікір айтуда.Сондықтанда осындай тарихи орынды ендігі жерде туристік орталық жасасақ.Біріншіден мемлекетіміздің тарихы қаншалықты бай екенін көрсету болса,екінші жағынан туризмді дамыту.Сондықтан бүгінгі бас қосу осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға,алға қойылған міндеттерді атқаруға септігін тигізеді», —  деді облыс әкімі  Асқар Мырзахметов.

Туризімді дамытудың тағы бір жолы тарихи нысандарға кеңінен жарнама жасау.Бұл жайында да жиын барысында нақты мәселелер айтылды. Басты мақсат тарихи мекенді туристік кешенге айналдыру.

«Әине казір архелогиялық жұмыстарға, Реставрация жұмыстарға, одан әрі қарай дамытуға деректі фильмдер шығаруымыз керек.Сонымен бірге үш тілде бүкіл дүние жүзіне тарайтын кітапшалар, мағлұматтар шығаруымыз керек.Ақыртасты кеңінен дамытсақ, туристер келіп жатса.Сол туристерден түскен пайда Ақыртасты әрі қарай дамытуға арналады», — деді министр.

Мамандардың айтуынша Ақыртастың балбал тастары Түркісіб темір жолын тарту кезінде құрылыс материалдары ретінде пайдаланылған. Сол уақытта кешенді бұзып дайын тастарды темір жол астына төсеп, бекеттердің іргетасын қалаған көрінеді. Осы жоғалған дүниелерді қалыпқа келтіру мақсатында облыстық әкімдік, министірлік және Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы үш жақты меморандумға қол қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.