Қарағандыда бетперде киген адамдар ақша айырбастау пунктін тонап кетті

0 0

Қарағандыда ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

«Өткен түні Қарағандыда ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген екі адам ғимаратқа баса көктеп кіріп, кассирді пышақпен қорқытып, 3 миллион 900 мың теңге, 950 доллар, 2 мың 650 еуро, 120 мың ресей рублін алып, оқиға орнынан қашып кеткен», — деді Алмас Сәдубаев.

Полиция мәліметінше, күдіктілердің кім екені анықталған. Қазіргі уақытта оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.