ОҚО-да атысқа қатысқандардың бірі қайтыс болды

0 21

Оңтүстік Қазақстан облысында атысқа қатысқандардың бірі қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында жергілікті тұрғын жеккөрушілік қарым-қатынастың негізінде көрші ауылдың тұрғынына оқ атты. Ер адам ауруханада көз жұмды», — деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. «Оған іздеу жарияланды. Күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деді Алмас Сәдубаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін ОҚО-да атыс болғаны жайлы хабарланған еді. Сондай-ақ, төтенше жағдай салдарынан екі адамның түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгені айтылған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.